RSS

Блогшы болып көрелік

Ассалаумағалейкум, аса қадірменді патша көңіл оқырман. Заман ағымынан қалу жарамас-ты. Біз де блог ашып, ғаламтордың қазақ тіліндегі өрісін кеңейту жолына атсалысуға талаптанып көрмекке бел будық. Әрі заман жаңалығынан мақұрым қалмау да бар. Қоғамдағы кейбір оқиғалар мен келеңсіз көріністердің терең ойға батырып, жүйкені шымырлатып жататын кездері аз емес. Read the rest of this entry »

 
1 пікір

Posted by on 12/04/2011 | Арнау сөз

 

Қазақстандағы №1 жағымпаз кім?

Біздің қоғамда «жағымпаздық» деген жаңа бір сала буырқана дамып келеді. Әлгі мұртынан күліп жүретін премьер Кәрім Мәсімовтың индустриалдық-инновациялық бағдарламасының даму қарқыны мұның қасында жәй бір ертегі болып қалады. Айтпақшы, ол өзі бір ертегіге келетін дүние ғой… Ары қарай кеттік. Жантықтықтың қазақты ұшпаққа шығармайтыны екібастан аян. Әйтпесе,  Абай хәкім: «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап», деп құдайдың зарын қылып ескертпес еді ғой. Шамасы, сол дәуірдің өзінде жарамсақтану ұлы ақынның жанын ауыртқан болуы керек. Read the rest of this entry »

 
9 пікір

Posted by on 11/04/2011 | Талқы

 

Президенттің көз жасы

Сайлау мәреге жетісімен, ертеңінде жеңімпаздар форумы өтті дүбірлеп. Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында ине шаншар жер жоқ, иін тірескен халық. Қызылды-жасылды ұрандарға толы жиынның төрінде — Нұрсұлтан Назарбаев. Аяқ-қолын жерге тигізбей әспеттеп жатқандардың сөзі мен қошеметі патшаның көңілін босатты, білем. Қаға берісте оның көз жасын қол ұшымен іліп тастағанын бұқара жұрт телеарналардан түгел көрді. «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаевтың да көңілі бос екен. Көз алды жылт-жылт етіп, боталап қоя берді… Қайтсін енді, талайдан бері талмай келе жатқан сыралғы досы емес пе? Сәл әріректе тұрған «КТК телеарнасынан тілін безеп жататын Артур Платоновтың да көзі жасауарағанын аңдап үлгердік. Айтпағымыз, бұл емес. Президент неге жылады екен? Биыл халық қарғысына ұшыраған бірталай елдің басшысының тақтан тайып, жылағанын білеміз… Ал біздің Елбасы таққа қайта отырды. Неге жылады? «Қорыққан мен қуанған бірдей деуші еді» қазақ. Ескі де, жаңа президент! Жаңа Президенттің алдағы бес жылда  Алашқа жасар жақсылығы көп болғай!                

 

Арма, Алты Алаш!

Алты Алаштың төртеуі түгенделіп, төбедегісі келетін күн қашан туар екен….

 

Мен келдім

Уа, қазағым, ассалаумағалейкум! Мен де блог аштым!

 
6 пікір

Posted by on 05/04/2011 | Қазақ иісі